Д.А. Қонаев атындағы ТКІИ

igd-logo

 

 

Д.А.Қонаев атындағы тау-кен істері институты 1944 жылы 6 желтоқсаннан жұмыс істейді, Орталық Азия мен Қазақстанда ғы тау-кен өндірісін ғылыми-техникалық қамтамасыз етуші аса ірі ғылыми-өндірістік орталық болып есептелінеді.

 

Институт құрамында 16 ғылыми лаборатория, конструкторлық-жобалау, патентті-ақпараттық бөлім, ғылыми-техникалық әзірлемелерді автоматтандыратын, оқу –әдістемелік бөлім мен қоғамдық тамақтандыру орындары бар.

 

Институт горного дела им. Д.А. Кунаева

Институт мына жұмыстарды атқаруға мамандардырылған:

  • Іргелі зерттеулер жаңа ақпараттық технологиялар негізіндегі ашық тау-кен жұмыстары мен жерасты механизациясы және тау-кен өндіру кәсіпорындарын басқару мен жоспарлау, жобалаудың автоматтандырған жүйесін ғылыми-техникалық негіздеу, табиғи және техногенді пайдалы қазбалар кенорындарын кешенді игерудің қауіпсіз технологиясы мен экологиялық тазалығын, тиімділігін қамтиды.
  • Инженерлік-геологиялық іздеулер инжнерлік-геологиялық рекогносцировка мен түсірілімдер; геофизикалық зерттеулер; гидрогеологиялық зерттеулерді қамтиды.
  • Жобалау жұмыстары инженерлік жүйелер мен торларды жобалауды (жылыту, желдеткіш және кондиционерлеу, сужабдықтау мен канализация, жылуменжабдықтау, энергияменжабдықтау, электрлік жарықтар мен жылытулар, автоматтандыру және КИП, әлсізағынды қондырғылар, көлік), тау-кен өндірісінің технологиялық үрдістері мен тау-кен кәсіпорындарын, жобалаудың арнаулы бөлімдерін әзірлеу (қоршаған ортаны қорғау, еңбекті қорғау, сметалық құжаттар азаматтық қорғаныстаң инженерлік-техникалық іс-шаралары, төтенше жағдайларды ескерту жөніндегі іс-шаралар) және өнеркәсіп салаларының өңдеуші және тау-кен өндіруші нысандарын қайтақұрылымдау мен салуды жобалауды қамтиды.
  • Консалтингтік қызмет көрсету - тау-кен жұмыстарын қауіпсіз жүргізу, жарылғыш заттарды жасау мен бұрғылау жарылыс жұмыстары, геотехнология мен геоэкология, тау-кен өндірісінің экономикасы, тау-кен құқығы салалары бойынша.
  • Жоғарғы оқу орнынан кейінгі кәсіби білім, кәсіби мамандарды даярлауды қамтиды, соның ішінде жоғары кәсіби мамандықтар бойынша: доктарантура: 25.00.22 – Геотехнология (жерасты, ашық және құрылыс); 25.00.20 – Геомеханика, жыныстардың жарылыспен бұзылуы, кеніштік аэрогазодинамика мен тау-кен жылуфизикасы; 05.26.01 – Еңбекті қорғау (тау-кен істері); 25.00.36 – Геоэкология; 25.00.35 – Геоинформатика; магистратур: 6N0707 – «Тау-кен істері», 6N0724 – «қондырғылар мен технологиялық машиналар».

Соңғы жылдарда жасалған жұмыстарды ендіру:

  • Электромагнитный перфоратор (ЭМП)Электромагниттік перфораты (ЭМП): «Қазмырыш» АҚ.
  • Жарылыстық емес компоненттерден өндірістік жарлыс заттарын шығару: Мойнақ СЭС, «Тас-ҚҰМ» ЖШС, «Алтын Дәурен» ЖШС, «Интерхим (Қырғыстан)» ЖШС, «МОНРИН» КОО (Монғолия) және т.б.
  • Бұрғылау зарядтарының конструкциясын құрамалау (комбинациалау): «Энергетика мен су шаруашылығы халықаралық Қытай корпорациясы» МК «Мойнақ» филиалы, «Тас-Құм» ЖШС,
  • Пайдалы қазбаларды жерасты әдістерімен өндіретін тау-кен кәсіпорындарындағы желдеткіштер мен бақылау жүйелерін моделдеудің кешенді автоматтандырылған бағдарламасы: «Қазақмыс»Корпорациясы» ЖШС, Жезқазған ВГСО.
  • Кешендердегі экскваторлы-теміржол және экскваторлы-автомобил кешендерін имитациялық моделдеу мен оңтайландыруды қамтамасыз ететін әдістемелік-бағдарлама: «Қостанай минералдары» АҚ, «ССГПО» АҚ, «ГЕМ-КОМ СОФ-ТВЭА РУС» ООО (Ресей).
  • «Жетіқара» технологиялық кешендерді басқарудағы автоматтандырылған корпоративті жүйе: «Қостанай минералдары» АҚ.
  • «Кенағындары» мониторингтің автоматтандырылған ақпараттық жүйесі: «Қостанай минералы» АҚ.
  • Кендік кенорындарды іске қосу кезінде жерқойнауынан пайдалы қазбаларды толық және тиімді алуды басқару әдістері: «Қазцинк» АҚ.
  • «Толтырмалай отырып жоғарғыгазжинақталатын жатық көмір қаттарын қазбалау кезіндегі технологиялық параметрлерді есептеу әдістері»: ҚР ТЖМ «Тау-кен өнеркәсіпіндегі қауіпсіз жұмыстар жөніндегі «ҚазмемҒЗИ» ЕМК, «Өнеркәсіптегі қауіпсіздік» инженерлік орталық ЖШС, «Қазқалажоба» ҒЗӨИ» ЖШС.
  • «Жезқазғантүстімет» ӨБ рудниктерінде әлсіреген телімдерді анықтау жөніндегі уақытша әдістемелік нұсқаулық»: «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС.
  • Қуманы ойықтандырмау үшін УБС-2 қондырғысы: «Донск КБК» АҚ, «Қазхром» ТНК» АҚ.

 

Байланыстар:

Қазақстан Республикасы, 050046,

Алматы қаласы, Абай даңғ., 191

Тел. 8(727) 376 53 00

Факс 8(727) 376 52 97

e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Web-site: http://www.igd.com.kz